Түркия Президенті: Қожа Ахмет Ясауи орденін түрік ұлтына деген ілтипат белгісі деп қабылдаймын
14 мамыр, 2026
Фото: Ақорда
Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! – деді Түркия Президенті.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
31 шілде, 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр – Тоқаев
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев консультативтік кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды
31 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады