Тәу етер Тәуелсіздігіміз – ел азаматтары үшін басты құндылық – Сәкен Есіркеп

16 желтоқсан, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Тәу етер Тәуелсіздігіміз – ел азаматтары үшін басты құндылық – Сәкен Есіркеп
Фото Сәкен Есіркептің жеке мұрағатынан

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Тәуелсіздік күні мерекесіне орай пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тәу етер Тәуелсіздігіміз – ел азаматтары үшін басты құндылық. Тарих тереңіне үңілсек, бабаларымыз ғасырлар бойы әлемдік өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Еуразия атырабына құлаш сермеген түрлі мемлекеттер құрды. Жаһан тарихын өзгерткен жаңашыл оқиғаларға бастамашы болды. Аумалы-төкпелі замандар болып, бүгінге дін аман жеттік.

Бүгінде тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен өркениетті қоғамның қадірін түсінетін, егемен еліміздің ертеңін ойлайтын өрелі ұрпақ бар. Кез келген қоғам, мемлекет жеке адамдардан тұрады. Сапалы, саналы ұрпақ қана елдің көшін ілгері сүйрейді. Уақыт өткен сайын даму инерциясы қарқын алған, төртінші индустриялық революция дәуірінде тұрған егемен еліміз үшін бағындырар белес көп. Сол асуларды еңсеретін әлеуетіміз бар, бағыт-бағдарымыз айқын», - деді Сәкен Есіркеп.

Бұған дейін басқарма басшысы «Астана ақшамы» газетінде көтерілетін мәселені жіті қарайтынын айтып, басылым туралы пікір білдірген еді.