Референдум-2026

Табиғат Зейнұлқабден: Президент айқындаған басымдықтар – Қазақстанның жаңа даму кезеңінің негізі

Бүгін, 17:13
Думан Аманжол Думан Аманжол
Табиғат Зейнұлқабден: Президент айқындаған басымдықтар – Қазақстанның жаңа даму кезеңінің негізі
Фото: instagram.com/tzeinulkabden

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Президент белгілеген басым бағыттардың ел дамуы үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Президент өз сөзінде жаңартылған Конституцияның күшіне енуі - Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің бастауын білдіретінін атап өтті.

«Алдағы саяси және экономикалық реформаларға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, цифрландыруды дамытуға, инвестициялар тартуға және азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Сенат пен Мәжіліс депутаттарына атқарған жұмыстары және жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Парламенттің осы шақырылымының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ертеңнен бастап еліміздің саяси дамуындағы жаңа кезең басталады. Бұл жұмыс жаңа құрамдағы өкілді орган жасақталғаннан кейін өз жалғасын табады.

Президент айқындаған басым бағыттар Қазақстанның тұрақты дамуына, мемлекеттік институттардың нығаюына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға берік негіз болады деп сенемін», деп жазды Табиғат Зейнұлқабден желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі.