Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасы анықталды

Бүгін, 11:23
Думан Аманжол Думан Аманжол
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасы анықталды
Фото: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Дүбірлі додада ел намысын алты гимнаст қорғайды. Атап айтқанда Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов, Роман Хегай бақ сынайды.

«Бұл бәсекеде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді.

Еске салсақ, елордада 24 қазан - 1 қараша аралығында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.