Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.
Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.
Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05.
Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.