Шорт-тректен әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама спортшылары анықталды
9 наурыз, 2026
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
13-15 наурыз аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеге Қазақстан командасы да аттанды.
Жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынамыз:
Ерлер - Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Айбек Нәсен;
Әйелдер - Ольга Тихонова, Алина Ажғалиева, Яна Хан, Малика Ермек.
Бүгінде жарысқа 40-қа жуық мемлекеттің 200-ден астам спортшысы тіркеліп үлгерді.
Еске сала кетсек, елордалық арулардың 2026 жылдағы спорттағы жарқын жетістіктерін оқырман назарына ұсындық.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды