Қазақстан күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Отандасымыз финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13-7 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Осылайша ұлттық құраманың қоржынында бір жүлде бар.
Еске сала кетейік, Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль еншіледі.