Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі төмендеді – Ұлттық банк төрағасы

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі төмендеді – Ұлттық банк төрағасы
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық банк төрағасы инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4 пайызды құраған.

«Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2 пайызды, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3 пайызды құрады. 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы Үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде. Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр», – деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін биылғы 11 айда Қазақстан экономикасының 6,4 пайызға өскенін хабарлаған болатынбыз.