Референдум-2026

Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды

Бүгін, 13:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіштер Гринсборода (АҚШ) өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Отандастарымыз аталған бәсекеде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

София Абубакирова жекелей сайыста 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден алтын алды. Сондай-ақ 50 метрге шалқалап жүзуден қола жүлдегер атанды.  

Одан бөлек София 4×50 м еркін стильде, 4×100 м еркін стильде және 4×50 м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден бірінші орын алды. Ал 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлдегер атанса, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ Максим 4×50 м еркін стильде, 4×100 м еркін стильде және 4×100 м аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуден алтын алды. Сонымен қатар 4×50 м еркін стильде, 4×50 м аралас эстафетада бірінші орынды иеленді.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медальға ие болды. Одан бөлек, 4×50 м еркін стильде, 4×50 м аралас эстафетада жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.

Еске сала кетейік, су добынан Қазақстан Сингапурды пенальти сериясында жеңді.