Қазақстандық таеквондошылар Индонезияның Джакарта қаласында өткен халықаралық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Отандастарымыз жарыста төрт қола медальға ие болды.
Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Жасурбек Исроилов (63 келіге дейін), Абдурахман Марипов (80 келіге дейін) және Нұрқанат Қожахмет (87 келіге дейін) үшінші орын алды.
Бұған дейін қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алғанын жаздық.