Референдум-2026

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде жеті медаль жеңіп алды

23 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкенттегі турнирде жеті медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға 22 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар түрлі жас санаттарында жеті медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) иеленді.

Назерке Болатбек (U11) күміс жүлдегер атанды.

Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске сала кетейік, нысана көздеуден Валат Мусаев жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.