Қазақтың сарбазы UFC турнирінде жеңіске жетті
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Еіміздің Арнайы операция күштерінің өкілі, кіші сержант Дияр Нұрғожай үш раундтық жекпе-жекте бразилиялық қарсыласы Рафаэль Тобиастен айқын ұпаймен басым түсіп, жеңіске жетті (30-27, 29-28, 29-28). Осылайша Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңіске қол жеткізді. Бұл Дияр үшін UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жек болды.
Бұған дейін ол 13 жекпе-жек өткізіп, 11-рет жеңіске жетсе, 2-рет жеңіліс тапты.
Дияр Нұрғожай – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Панкратионнан әлем чемпионы, ММА-дан Азия чемпионы, Eagle FC лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы, UFC ұйымының файтері.
Еске салсақ, Астаналық таеквондошы Тоғжан Қазынабек Болгария төрінде топ жарған болатын.