Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
21 наурыз, 2026
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.

Бұған дейін Президенттің Алматы қаласына барып, ғылыми қауымдастық алдында сөз сөйлегенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Президент: Жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керек
1 мамыр, 2026
Президент Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
29 сәуір, 2026
Тоқаев Лукашенконы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды
24 сәуір, 2026
Президентке Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді