Президент Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтады
2 қыркүйек, 2025
Фото: akorda.kz
Президент Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнді Қытай атом өнеркәсібіне 70 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейлі меже аталған саладағы диалогты одан әрі нығайтуға жол ашатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпинмен жүргізген келіссөз барысында атом индустриясындағы ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.
Президент тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен бірлескен жобалар, соның ішінде еліміздегі екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
30 сәуір, 2026
Қазақстанға алғаш келген Тамаш Яккель қазақ тазысына жоғары баға берді
29 сәуір, 2026
Тоқаев NVIDIA және Firebird AI өкілдерімен ЖИ дамуын талқылады
27 сәуір, 2026
Президент жасыл энергия өндіру мен білім беруге қатысты әріптестік жөніндегі құжатқа қол қойды