Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
14 маусым, 2026
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.
Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Президент Қырғызстандағы UIM F1H2O әлем чемпионаты кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
1 тамыз, 2026
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
1 тамыз, 2026
Президент Қостанай облысының 90 жылдығымен құттықтады
29 шілде, 2026
Президент «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатына қатысады