Қызылордада 2 мыңнан астам тағам атауын қамтыған сөздік жарыққа шықты
27 тамыз, 2024
Фото: Қызылорда облысы Тілдерді Оқыту Орталығы
Қызылорда облыстық Тілдерді оқыту орталығының бастамасымен «Тағам атауларының сөздігі» жарыққа шығып, оқырманға жол тартты, деп хабарлады Elorda.info.
Орталық жанынан құрылған Ғылыми кеңес төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов пен Кеңес мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасиловтың қатысуымен дайындалған кітапта ас-ауқат атауларының қазақша – орысша нұсқасы топтастырылған.
«Аталмыш сөздік аясында Кеңес мүшелері қоғамдық тамақтану орындарындағы тағам атауларын қазақшалау мақсатында 2052 тағам атауын республикалық терминология комиссиясына ұсынды. Сол ұсыныс негізіндегі қазақша тағам атауларының 271 -і ресми түрде бекітіліп, www.termincom.kz сайтында жарияланды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:38
Қолжетімді орта: жыл басынан бері елімізде 600-ден астам нысан тексерістен өтті
5 тамыз, 2026
Қазақстан – Орталық Азияда аналарды әлеуметтік қолдау деңгейі ең жоғары елдің бірі - министрлік
4 тамыз, 2026
Несиені мерзімінен бұрын өтеген қарыз алушы нені білуі тиіс
3 тамыз, 2026
31,6 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді