Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды
19 тамыз, 2024
коллаж Elorda.info
Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алтын жүлдегер атанды.
Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар.
Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды