Ғалымжан Балабек суда жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

25 қараша, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Ғалымжан Балабек суда жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты
ҰОК

Қазақстандық жүзгіш Ғалымжан Балабек Беларусьте өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 200 метрге еркін стильде жүзуден үшінші нәтижені көрсетті. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Балабек қашықтықты 01:45.68 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол Қазақстан рекордын жаңартты.