Елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

Бүгін, 20:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 24 қазан мен 1 қараша аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жылдың басты спорттық додаларының біріне әлемнің 135 елінен 900-ден астам балуан қатысады. Тоғыз күнге созылатын дүбірлі додада әлемнің үздік спортшылары чемпиондық атақ пен жүлделі орындар үшін өзара бақ сынайды.

Жарысқа билеттерді wrestling.kz сайты арқылы немесе «Барыс Арена» спорт кешенінің кассасынан сатып алуға болады. Касса күн сайын сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Чемпионаттың бағдарламасы, жарыс кестесі және билеттерге қатысты толық ақпаратты Қазақстан күрес федерациясының ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.