Елордада алты автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
21 маусым, 2026
Фото: City Transportation Systems
Елордада алты автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems жолауышлар тасымалы компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның мәлімдеуінше, №№ 1, 20, 43, 61, 70 бағдарлардың және № 502 қала маңы автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің «Денсаулық бақыт ТҮК» аялдамасына тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамаларда уақытша отырғызып/түсірмейді.
Еске сала кетсек, Астанада А.Бараев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Ұқсас жаңалықтар