Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жетті
25 шілде, 2025
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда қосымша төрт арнайы білім беру ұйымы ашылып, олардың жалпы саны 508-ге жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі таңда елімізде:
110 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК),
230 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК),
99 арнайы мектеп,
45 арнайы балабақша,
13 оңалту орталығы,
11 аутизм орталығы жұмыс істейді.
Мұндай мекемелер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, оларды оқыту және оңалту бағытында маңызды рөл атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды
17 қыркүйек, 2026
Қазақ ұлттық спорт университеті ХОК-тың олимпиадалық зерттеу орталықтары желісіне қосылды
17 қыркүйек, 2026
Қазақстан БҰҰ-да балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформаларды таныстырды
16 қыркүйек, 2026
Еліміздегі шағын жинақты ауыл мектептері жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады