Дзюдодан Қазақстан командасының жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе Бакудағы әлем чемпионатынан кейін, алдағы уақытта қандай жарысқа қатысатындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Алдағы 5-6 күннен кейін Астанада оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Одан кейін Әбу-Дабиде күресеміз. Ол жаққа шағын құрам, егер қателеспесем, алты спортшы барады. Содан соң Хорватияға аттанамыз. Хорватиядағы жарысқа толық құрам қатысады.
Елдос Сметов те сол жарыста өнер көрсетеді. Ол біртіндеп бабына, қалпына келіп жатыр. Сондықтан бәрі жақсы болады деген ойдамын», - деді Роберт Мшвидобадзе.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін, 2026 жылдың маусым айында татамиге оралып, Қытайдың Циндао қаласында өткен Гран-при турниріне қатысты. Кейін Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Әбу-Дабиде өтетін «Үлкен дулыға» турнирі 29–31 қазанға жоспарланған. Қазіргі мәлімет бойынша, жарысқа 53 елден 347 спортшы тіркелген.
Ал Хорватия астанасы Загребте өтетін Гран-при турнирі 13–15 қараша аралығында ұйымдастырылады.