Референдум-2026

Ел құрамасы Сингапурдағы бадминтон турнирінде бақ сынайды

Бүгін, 18:06
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ел құрамасы Сингапурдағы бадминтон турнирінде бақ сынайды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бүгін Сингапурда бадминтоннан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Аталмыш додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Бапкерлер штабының шешімімен жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі анықталды: Хайтмурат Кульматов, Арнур Тапишев, Махсут Таджибуллаев.

Халықаралық турнирде 25 елден 246 спортшы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, турнир 23 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеті алтын медаль еншіледі.