Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.
Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.
Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.
Еске салсақ, Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.