«Бүкіл елді шулатпай»: Бүркіт жары Аишаны жалғыз өзі перзентханадан шығарып алды
21 мамыр, 2025
фото: видеодан алынған кадр
Танымал әнші Бүркіт жұбайы Аиша мен олардың жаңа туған сәбиін перзентханадан өзі қарсы шығарып алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарова оларды қарсы алып, қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады.
«Ешкімге айтпай, роддомнан кетіп қалдық. Үйге келдік аман-есен! Үйге келсек, маманың көңілі босап...»,- деп жазды Бүркіт.
Желі қолданушылары өз тілектерін білдіріп жатыр.
«Бауыр берік болсын», «Анаңыздай ақылды болсын», «Үйге сәбидің келгені қандай керемет», «Қандай күшті, бүкіл елді шулатпай өздері шыға салды», «Апамыз жас баладай жылап қалды»,- деп жазуда олар.
Айта кетейік, әнші Бүркіт төртінші рет әке атанды.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты