06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

|
Photo: Фото: olympic.kz

Қырғызстанда грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі – алтын.

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.

Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗