06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет жеткізуді ұлғайтады

|
Photo: фото: Freepik
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет жеткізуді ұлғайтады

|
Photo: фото: Freepik

Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сондай-ақ тараптар біздің елімізден ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізгені атап өтілді.

«Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Азат Сұлтанов.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗