Астанада Тұран даңғылы бойындағы жол өткелі уақытша жабылды

Бүгін, 11:45
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Тұран даңғылы бойындағы жол өткелі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Тұран даңғылы бойындағы жол өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 22-24 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толықтай жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Бұл өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды.