Астанада таеквондодан үш ірі халықаралық турнир өтеді

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада таеквондодан үш ірі халықаралық турнир өтеді
Фото: olympic.kz

2026 жылы Астанада таеквондодан үш ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22-23 маусым аралығында Altaic Cup турнирі өз жалауын көтереді.

Одан екі күн өткен соң, 25 маусымда Kazakhstan Open-2026 жарысы басталады. Турнир 27 маусымға дейін жалғасады.

Ал халықаралық жарыс күнтізбесіндегі ең маңызды додалардың бірі – Гран-при финалы. Бұл жарыс 28-29 қараша аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды.