Референдум-2026

Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми тұмарына байқау жарияланды

Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми тұмарына байқау жарияланды
Фото: Ұйымдастырушылардан

Қазақстанның Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 ресми тұмарына арналған республикалық байқауды бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстанда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының символына айналатын ерекше, заманауи әрі есте қаларлық кейіпкерді жасауға шақырамыз!», делінген хабарламада.

Байқауға дизайнерлер, суретшілер, иллюстраторлар, шығармашылық мамандықтардың студенттері, креативті командалар қатыса алады.

Жеңімпазға  ақшалай сыйлыққа ие болады, Astana 2027 ресми тұмарының авторы атанады, әлемдік спорт тарихының бір бөлшегіне айналу мүмкіндігіне ие болады. 

«Байқауға қатысу үшін info@astana2027.kz электронды поштасына өзіңіз туралы қысқаша ақпарат жіберіңіз. Жауап ретінде сізге Байқау туралы ереже және қатысу шарттары жолданады. Дайын конкурс жұмыстары 2026 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Сіздің идеяңыз ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатының жаңа символына айналсын!», делінген хабарламада.