Астанада қолында ойыншық қаруы бар жасөспірім ұсталды
9 қаңтар, 2025
Фото: polisia.kz
Астаналық полицейлер «Қ.Мұхамеджанов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр» деген хабардан кейін аталған жасөспірімді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағысы интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты. Ол жоспарланған ойыны болмайтынын білген соң үйіне қайтып бара жатқанын айтты.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, жасөспірімнің заңды өкілдері шақыртылып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді