07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Бопай ханым» спектаклі сахналанды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Бопай ханым» спектаклі сахналанды

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Бопай ханым» атты тарихи трагедия жанрындағы спектакль көрсетілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қойылымда Әбілқайыр ханның адал жары Бопай ханымның бейнесі толық ашылады. Бопай – қиын кезеңде ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты жеңе білген көреген әйел. Оның қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі көрерменді бей-жай қалдырмасы анық.

Қойылымның авторы – жазушы, драматург, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. Бопай ханым бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино өнерінің майталманы Лейло Бекназар сомдады.

Қойылым көрермен тарапынан зор ықыласқа бөленіп, тарихи оқиғаларға жаңа көзқарас қалыптастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗