25 мамырда Астана мектептерінде 2025-2026 оқу жылы ресми түрде аяқталады. Биыл 9-сыныпты 24 мыңнан астам, 11-сыныпты 16 мыңнан астам түлек тәмамдайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Олардың ішінде 1 202 оқушы үздік аттестатқа, ал 650 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер.
Білім басқармасының мәліметінше, елорда мектептерінде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтеді.
Оның мақсаты – оқушылар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту, заңға құрметті қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Бұған дейін елордалық жас түлектерге мейрамханада мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынғанын жаздық.