06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Алдар көсе» мюзиклі қойылады

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Алдар көсе» мюзиклі қойылады

|
Photo: Мәдениет және ақпарат министрлігінен

6 қарашада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Astana Musical мемлекеттік театры «Алдар көсе» мюзиклін ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қойылым ғажайып костюмдерімен, шебер безендірілген декорацияларымен, актерлердің кәсіби шеберлігімен, әсерлі ән-билерімен ерекшеленеді.

Арнайы ойластырылған ерекше детальдар бұл қойылымды тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де қызықты етеді.

Мюзикл Алдар көсе тұлғасын ашуға, адамгершілік-рухани құндылықтарды, даналық пен тапқырлықты дәріптеуге бағытталған. Қойылым қазақ халық ертегісіне негізделген.

Алдар көсе – әділетсіздікпен күресіп, әлсіздерге көмек беруден аянбайтын кейіпкер. Ол өзінің асқан айлакерлігі арқылы тығырықтан шығуға тырысады. Қойылым сюжеті бойынша Алдар Тағай ханның озбырлығынан халықты аман алып қалуы тиіс.

Айта кетейік, театр «Алдар көсе» мюзиклінің премьерасын 2022 жылдың желтоқсан айында ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗