Астана прокурорлары қалалық аурухананың ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы қызметкерлері Полиция департаментінің қатысуымен №2 Көпбейінді қалалық аурухананың ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шараға 100-ден астам медицина қызметкері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға нашақорлықтың, алаяқтықтың, дропперліктің алдын алу мәселелері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, тақырыптық бейнематериалдар көрсетіліп, тәжірибелік кейстер қаралды.
Кездесуге қатысушылар өзін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Астана қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.