Астана прокуратурасында тергеу органдарының жұмысы қорытындыланды
Астана қаласының прокуратурасында қалалық Полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері басшылығының қатысуымен 2026 жылдың 5 айындағы тергеу органдарының жұмысының қорытындылары бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары Ерлан Өтеуовтың төрағалық етуімен ағымдағы жылдың 5 айында тергеу органдарының қызметінің қорытындылары туралы жедел кеңес өтті.
Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау және конституциялық құқықтардың бұзылуына жол бермеу, қылмыстық-процестік заңнамамен белгіленген тергеп-тексеру мерзімдерін сақтау, тергеп-тексеруді негізсіз созбалаңдыққа салуды болдырмау, қабылданатын процестік шешімдердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қала прокурорының бірінші орынбасары Е.Ө. Өтеуов қылмыстық-процестік заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуына, қылмыстық істерді тергеп-тексеруге ведомстволық бақылауды нығайтуға және тергеу органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған толық шараларды қабылдау жөнінде нұсқау берілді.
Өз кезегінде, қылмыстық іс жүргізу барысында заңдылықтың қатаң сақталуын және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету Астана қаласы прокуратурасының тұрақты бақылауында.