Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 13:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Торонто (Канада) қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының сапында 13 спортшы өнер көрсетеді. Беделді додада ел намысын Виктор Друзин, Алдияр Рамазанов, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова, Виктория Столбунова, Наргиза Болатова, Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Полина Мерзлякова, Анна Павлецова және Жаклин Якимова қорғайтын болады.

Айта кетейік, жарыс 19-21 маусым аралығында өтеді.

Еске салсақ, елордада «Астана — есірткісіз қала» велошеруі өтеді.