24 учаскеде жарықтандыру мәселесі шешілді – Талғат Рахманберді
7 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде жарықтандыру мәселесіне де тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«24 учаскеде жарықтандыру мәселесі шешілді. Көшелер мен саябақтарда 397 жаңа жарықтандыру тіректері мен 559 шамдар орнатылды. 357 шам және 63 жарықтандыру тірегі ауыстырылды», - деді Т.Рахманберді.
Байқоңыр ауданының әкімі өткір тақырыптардың бірі – «Өндіріс» тұрғын алабындағы электрмен жабдықтаудың авариялық желілері мәселесінің де оң шешімін тапқанын айтты.
«Айта кету керек, биыл «Өндіріс» тұрғын алабы бойынша ЭЧ-8 электрмен жабдықтау желілерін «Астана – РЭК» балансына беру аяқталды», - деді ол.
Сондай-ақ, ауданда жыл соңына дейін 40 нүктеге 240 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:48
Робоиттер, дрондар және ашық аспан астындағы марштар: Астанада 7 мамыр күні ауқымды плац-концерт өтті
Бүгін, 11:16
FIRST World Championship жүлдегерлері елге оралды
Бүгін, 10:42
Елордада мыңдаған жас «Жас сарбаз» қатарына қосылуда - Айдархан Маханбет
Бүгін, 09:53
Қазақстанның Еңбек Ерлері елордалық студенттермен кездесті